Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы әскери қызметкердің атын жамылған алаяқтар туралы түсініктеме берді

Алматы полициясы әскери қызметкердің атын жамылған алаяқтар туралы түсініктеме берді, – деп хабаралайды Polisia.kz.

Бұрын хабарланғандай, кейбір алаяқтар әскери қызметшінің жеке басын куәландыратын және ресми құжаттарын пайдаланады, ал шын мәнінде оның бұл деректерге ешқандай қатысы жоқ.

– Қаскүнемдер қоғамға қолжетімді болған бұл құжаттарды пайдаланып, атын жамылып, басқа аймаққа шұғыл көшетінін желеу етіп, тұрмыстық заттарды «сатқан». Қалада осыған ұқсас 10-нан астам оқиға тіркелді. Бұл ақпаратты, алаяқтар осы деректерді пайдаланып, оларды алдауы мүмкін екенін халыққа ескерту мақсатында жария еттік. Азаматтарды қырағы және сақ болуға шақырамыз, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Сондай-ақ, полиция бүгінгі күні алаяқтар өздерінің қылмыстық жоспарын жүзеге асыру үшін көбінесе ІІМ мен басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің атын жамылатынын айтып өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру