Алматы полициясы азаматтарды 48 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады
Алматы полициясы азаматтарды 48 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
37 жастағы ер адам төмендетілген бағамен баспана алу қызметін ұсынды. Белгілі болғандай, оған сенгендер аз болмаған.
– Алдын ала төлем сомасы «қызметіне» байланысты өзгеріп отырды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 48 миллион теңгені құрайды. Қазір тергеушілер ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қылмыстық іс аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айтпақшы, бұған дейін ер адам осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған, – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.