Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облыстық ҚАЖД мекемесінде экстремизмнің алдын алу бойынша кездесу өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде экстремизмнің алдын алу бойынша кездесу  өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кездесу өтті. Оған Дін мәселелерін зерттеу орталығы және Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің өкілдері қатысты.

Бұл жұмыс терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру бойынша жоспарды орындау шеңберінде жүргізіледі. Орталықтың өкілі ислам дінінің экстремизм және терроризмге қатысты мәселелесіне тоқталып, экстремизм және терроризм ұғымдарының ислам дініне қатысты жоқтығын растайтын мұсылмандық діни дереккөздерден бірқатар мысалдар келтірді.

– Жазаларын бас бостандығынан айыру мекемелерінде өткізген адамдарды қоғам жиі қабылдамайды. Ал біздің міндетіміз – оларға жол көрсету, қоғамға бейімдеу, босатылғанннан кейінгі өмірге дайындау, – деп атап өтті Абай облысы бойынша ҚАЖД сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жөніндегі бөлім Зухра Тоқтамысова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру