Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері инкассаторлық көлікті қар құрсауынан шығарды

Ақмола полицейлері инкассаторлық көлікті қар құрсауынан шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 2023 жылдың соңында болған, бірақ бұл туралы банк өкілдері құқық қорғау органдарына алғыс білдірген кезде ғана белгілі болды. Алғыс хаттқа сүйенсек, 29 желтоқсанда банктің инкассаторлар бригадасы елді мекендерге ірі көлемдегі ақшалай қаражатты жеткізу жөніндегі қызметтік міндетін орындау кезі еді.  Капитоновка ауылының маңындағы Бұланды ауданының аумағында инкассаторлық арнайы көлік төтенше жағдайға тап болды: көктайғақ пен нөлдік көріну салдарынан көлік жолдың жиегіне түсіп, қардан қозғала алмай қалған.

Жедел кезекші Ербол Молдахметов дабыл қоңырауын қабылдап, дереу көрсетілген координаттар бойынша полиция қызметкерлерін қызметтік автокөлікпен жіберді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, полицейлер тобы қиындыққа тап болған бригадаға жол таба алды.

Арнайы көлікті шығаруға мүмкіндік болмағандықтан, полицейлер құнды заттары мен қызметтік қаруы бар инкассаторларды эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Құтқарылғандармен бірге Макинск қаласына жету үшін боранды күні шамамен 70 шақырым жол жүруге тура келді.

Полиция бөліміне келгеннен кейін қызметтік қару күзетке, ал қолма-қол ақша банктің жергілікті филиалына тапсырылды. Келесі күні “Журавлевка” ЖШС арнайы техникасының көмегімен инкассаторлық көлік қар құрсауынан шығарылды. Бұланды ауданының полиция бөлімі қызметкерлерінің көмегі мен қамқорлығын банк басқармасы мен полиция департаментінің басшылығы атап өтті.

18 қаңтарда жеке құрамның қатысуымен құтқару операциясына қатысқан полицейлерге К.Тасов, М.Кенжебулатов, Б.Қайыржанов, Е.Молдахметов және Д.Рахметоллаевқа алғыс хат табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру