Алматы полициясы балалардың қауіпсіздігі туралы еске салды
Алматы полициясы балалардың қауіпсіздігі туралы еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәжірибе көрсеткендей, өздерімен-өздері және ересектердің қадағалауынсыз қалған балалар көбінесе қиыншылықтарға душар болып, көп жағдайда қылмыстық қол сұғушылықтың нысанына айналады.
– Сондықтан біз көбінесе тәрбиесінде кішкентай балалар болатын ересектерге қатысты алдын-алу жұмыстарын жүргіземіз. Дәл солар, күнделікті өмірде, өз балаларын дұрыс тәрбиелеуге және өздерінің үлгісімен олардың бойына қоғамдағы мінез-құлықтың дұрыс моделін сіңіруге міндетті. Бұл күндері, 12-14 мамыр аралығында Алматыда «Назар аударыңыз! Балалар!» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілуде. Өткен күні ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері әкімшілік тәжірибе бөлімімен және патрульдік полиция полкімен бірге тұрғын ауданда жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Іс-шараның мақсаты – балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу, сондай-ақ, көшелерде және жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысқа байланысты дағдыларды бекіту, балалар мен жасөспірімдерді тұрақты тұрғылықты жерлеріндегі көлік жағдайына бейімдеу, – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.