Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы «Дәрмек» іс-шарасы жайында айтып берді

Алматы қаласының ПД «Дәрмек» іс-шарасы жайында айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің мәліметінше, өткен жылы «Дәрмек» республикалық маңызы бар жедел алдын алу іс-шараның төрт кезеңі өткізілді.

– Іс-шара барысында есірткі, психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды сақтау, есепке алу және пайдалану шарттары бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерге барлығы 47 тексеру жүргізілді. Есірткі, психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды сақтау, есепке алу және тарату ережелерін бұзудың 3 фактісі анықталды. ҚР ҚК-нің 303-бабында көзделген қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тағы төрт дерек бойынша ҚР ӘҚбК-нің 464 және 426-баптарына сәйкес «Лицензиялау нормаларын бұзу» және «Фармацевтикалық қызмет пен дәрілік заттардың айналысы саласындағы қағидаларды бұзу» бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сондай-ақ, бөлімшеде, есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен (бұдан әрі – ЕПП) жұмыс істеуге жіберілген адамдар тұрақты негізде тексерілетінін, сонымен қатар ЕПП сақтауға арналған ғимараттар да зерттеліп жатқанын хабарлады.

– Өткен жылы есірткілік психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсат берілген барлығы 9 300 адам тексерілді. Сонымен қатар, ЕПП сақтау мен техникалық күшейтудің талаптарға сәйкестігі туралы келісім хаттар берілген 94 ұйымның ғимараты зерттелді, – деп түйіндеді Е.Әлмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру