Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында заңсыз қарумен аңшылыққа шыққан екі тұрғын ұсталды

Атырау облысында заңсыз қарумен аңшылыққа шыққан екі тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 ақпан күні сағат 04:00 шамасында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының маңында полицейлер Урал мотоциклінің 32 жастағы жүргізушісін тоқтатты. Тексеру барысында ​өзімен бірге еш жерде тіркелмеген бір ұңғылы аңшы қаруын, тоғыз дана оқ дәрі және бір дала қоянын заңсыз алып келе жатқандығы анықталды.

Күдіктілердің ​айтуынша, аталған аңшы қаруының ешқандай құжаттары жоқ екендігін​ біле тұра, аң аулауға шыққан.

32 және 25 жастағы Сағыз ауылының ​ тұрғындарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы​ (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Тәркіленген қару бойынша тиісті сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру