Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Байқоңырда 33 жастағы тұрғыннан тапанша тәркіленді

Байқоңырда 33 жастағы тұрғыннан тапанша тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп“ жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 8 ақпанда сағат 18:19 шамасында ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдіктің қызметкерлері қызмет атқару барысында 33 жастағы күдікті азаматты тоқтатқан.

Тексеру барысында Төретам кенті тұрғынының шалбарының қалтасынан SM Action 9 mm Knall W.Garm PTB 496 тапанша анықталды. Тапанша заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру