Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында 68 жүргізуші көлікті мас күйде басқарған

Ақтөбе облысында 68 жүргізуші көлікті мас күйде басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 ақпанда сағат 04.00-де Ә.Молдағұлова даңғылындағы патрульдік полиция қызметкерлерімен жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 25 жастағы жүргізушінің басқаруымен ресейлік есептегі Ваз-211440 көлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде жүргізушінің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылып, мас күйінде жүргізгені анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Жыл басынан бері ҚР ЖҚЕ өрескел бұзғаны үшін 97 жүргізуші арнайы басқару құқығынан айырылды, оның 68-і мас күйінде көлік құралдарын басқарғаны үшін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру