Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы деменцияға шалдыққан зейнеткерді іздеп тапты

Алматы полициясы деменцияға шалдыққан зейнеткерді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Медеу ауданының тұрғынынан ПД-ға алғыс хат келіп түсті.

– Құрметті Арыстанғани Расылханұлы! Сізден Медеу аудандық ПБ-ның полиция қызметкерлерін, атап айтқанда: учаскелік инспектор, Медеу аудандық ПБ АБ-ның анықтаушысы Әсел Аршабекованы, жедел уәкіл Жақсыбай Қолданды, криминалист Нұрлан Ілібаевты көтермелеуіңізді сұраймын. Әйелім 73 жаста. Ол деменцияға шалдыққан, көшеде адасып қалды, өзіміз іздестіріп көріп едік, нәтиже бермеді. Мен полициядан көмек сұрадым. Учаскелік инспектордың, анықтаушы мен жедел уәкілдің үйлесімді әрекетінің арқасында әйелім бір жарым сағатта табылды. Полиция қызметкерлері бейнекамералардың жазбаларын қарап, оның қозғалысын бақылады – бұл оны тез табуға мүмкіндік берді. Тек кәсіби деңгей, сауаттылық пен сыпайылық қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектесті, – деп жазған зейнеткер Антонов.

Хатты қорытындылай келе автор полиция қызметкерлеріне қиын қызметтерінде одан әрі табыс тілеп, дер кезінде, кәсіби жұмысы мен адами қарым-қатынасы үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру