Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы есірткі жарнамалаушыны құрықтады

Алматы полициясы есірткі жарнамалаушыны құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел түрде алынған мәліметтерге сәйкес, Абай даңғылы мен Алтынсарин көюралар іліп, есірткі заттарын заңсыз жарнамалап, насихаттап жүрген.

– Біздің бөлімше қызметкерлері қалалық прокуратураның үйлестіруімен «Қарасора – 2023» іс-шарасы аясында 44 жастағы Ж.есімді азаматты ұстады. Одан есірткі дүкенінің сілтемесі мен жазуы бар 30 брошюра табылды. Күдіктінің тұрғылықты жерінен 205 дана осындай жапсырмалар тәркіленді. Әрбір хабарландыру үшін «жарнама ілуші» ақшалай сыйақы немесе синтетикалық есірткінің белгілі бір мөлшерін алатыны белгілі болды. Қаскөйдің әрекеті ҚР ҚК-нің 299-бабы 1-бөлігі бойынша сараланады. Бұл баптың санкциясында 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру