Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында ҚАЖ қызметкерлеріне дәріс оқылды

Жамбыл облысында ҚАЖ қызметкерлеріне дәріс оқылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесінде ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті өзіндік қауіпсіздігі басқармасының аға жедел уәкілі Ержан Кентаевтың төрағалығымен жиын өтті.

Басқосуда қылмыстық-атқару жүйесі және Ұлттық ұлан әскери қызметкерлерінің дене күшін, арнайы құралдарды, атыс қаруын және өзге де қаруды қолдануы бойынша әдістемелік ұсынымдар, құқық бұзушылық жасау фактілерін белгілеу үшін техникалық құралдарды қолдану тәртібі, ҚАЖ бөлімшелері арасында тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы дәріс оқылды.

Т.Кентаев жабық мекемелерде ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдармен жұмыс жасау оңайға соқпайтынына тоқталды. Ол өз сөзінде сотталғандардың кейбірі қызметкерлердің әдейі “аяғынан шалса”, өзгелері өзін-өзі жарақаттап, істеген ісі үшін сол мекеменің қызметкерлерін кінәлайтынын да айтып өтті.

– ҚАЖ комитеті қызметкерлердің кез келген заңсыз әрекетін қолдамайтындығын, әрбір факті жіті тексеріліп, кінәлі адамдар міндетті түрде жазасын алатынын жеткізді. Сол себепті, әрбір ҚАЖ қызметкері ашуын сабырға жеңдіріп, заң аясында жұмыс істеуі тиіс, – дейді Т.Кентаев.

Жиында сондай-ақ ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Берікбай Байхожаев әр адамның конституциялық құқықтарына, конвенцияларға және азаптауға жол бермеуге қатысты мәселелерді қозғады.

Шын мәнінде, түрме қызметкерін азаптаушы ретінде қабылдау әлдеқашан ескірген стереотип, қазір бұл түсінік өзінің өзектілігін жоғалтқан. Өйткені, бүгінде мемлекеттің құқықтық саясатының аясында пенитенциарлық мекемелерде жазасын өтейтін адамдардың санын азайту, қоғамға зор қауіп төндірмейтін теріс қылық жасағандардың жазасын жеңілдету, бостандыққа шыққан адамдарды қайта әлеуметтендіру, түзеу мекемелерін халықаралық стандарттарға жақындату сондай-ақ сотталған азаматтардың құқықтарын сақтау мақсатында бірқатар заңнамалар қабылданып, кейбіріне өзгерістер енгізілгені белгілі.

Оның үстіне, ҚАЖ комитеті қылмыстық-атқару жүйесіне кір келтіретін іс-әрекеттерге қатаң түрде тыйым салып, қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне үзілді-кесілді қарсы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру