Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы германиялық ерлі-зайыптының жоғалған телефонын тауып берді

Алматы полициясы германиялық ерлі-зайыптының жоғалған телефонын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыға Германиядан келген ерлі-зайыптының айтуынша, олар телефондарын жоғалтып алған. Бір нұсқа бойынша, әйел телефонын таксиде қалдырып кеткен болуы мүмкін. Тәртіп сақшылары жедел түрде көліктің маркасы мен нөмірін анықтады.
Біраз уақыттан кейін телефон иесіне қайтарылды.

– Үйге келгенде сөмкемде телефонымның жоқ екенін білдім. Біз дереу полицияға хабар бердік. Полиция қызметкерлері бірден келді, өте жылдам әрекет етті. Осы оқиғаның бетін ашты, телефонды тауып берді. Біз өте қуаныштымыз. Сіздерге көп рақмет, – деді Германиядан келген қонақтар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру