Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдағы ерлер колониясына облыстық мәслихат депутаттары барды

Мүмкіндігі шектеулі сотталғандарды ұстау шарттарымен, сондай-ақ мекеменің өндірістік аймағымен танысу мақсатында Петропавл қаласының ерлер колониясына Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары Н.Аитова мен В.Эрман, сондай-ақ аппараттың бас инспекторы К.Садиков барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №48 мекемесінде 700-ге жуық сотталған ұсталады. Жұмысқа орналастырылған адамдардың жалпы саны – 200-ге жуық. Мекеме аумағындағы 9 кәсіпорын келесі өнімдерді дайындайды: күнбағыс майын, ат әбзелін, тротуар плиткасын, аяқ киім, жұмсақ жиһазды жинау, арнайы техниканы жөндеу, сүзбені қайта өңдеу, мукулатураны қайта сұрыптау, құрылыс қоспаларын өндіру, нысанды киім-кешек тігу, сондай-ақ наубайхана цехы мен автомастерхана жұмыс атқаруда.


Департамент пен мекеме басшылығының қатысуымен аралау барысында қонақтар жұмысқа орналасу шарттарымен, дайындалатын бұйымдармен және сотталғандардың жалақысымен танысты.

Сонымен қатар депутаттар жасақтарға барып, мүмкіндігі шектеулі сотталғандармен әңгімелесті. Қазіргі уақытта мекемеде мүгедектігі бар 24 адам бар, оның 19-ы үшінші топтағы және бесеуі 2-топтағы мүгедектігі бар санатқа жатады. Олар үшін жақсартылған тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасалып, жоғары тамақтану нормалары белгіленді.

Мүмкіндігінше басқа сотталғандар мүмкіндігі шектеулі сотталғандарға күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерді жүзеге асыруға көмектеседі. Бұл үшін олар шартты түрде мерзімінен бұрын босату кезінде ескерілетін көтермелеулер мен оң сипаттамаларды алады.

Кездесу соңында сотталғандар өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді, ал мәслихат депутаттары жалпы жағдайға оң баға берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру