Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы Халықаралық қарттар күнінде ардагерлерге құрмет көрсетті

Алматы полициясы Халықаралық қарттар күнінде ардагерлерге құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қарттар үшін айтулы оқиғаға орай жеке құрамның күшімен салтанатты жиын мен концерт ұйымдастырылды.

– Бұл мерекелік күн аға буынның жасын еске түсіру емес, қарттарға деген ерекше көзқарас, қамқорлық пен қолдау көрсетудің тағы бір себебі. Олардың әрқайсысы жас кезінде қазақ полициясының қалыптасуы мен дамуына, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге орасан зор үлес қосты. Көпшілігі елдегі бейбітшілік пен тыныштық үшін өмірінің ең жақсы жылдарын берді. Соғыстан кейінгі ауыр жылдар өтті. Олар бүгінгі жас ұрпақ үшін ар-ожданның, адалдықтың, әділдіктің, Отан игілігі үшін аянбай қызмет етудің үлгісі. Көп зейнеткер тәлімгер кеңестері мен бөлімшелердің аттестаттау комиссияларының жұмысына белсенді қатысады. Осы мереке күні Полиция департаментінің басшылығы барлық ардагерлерге ішкі істер органдары қызметкерлерінің білікті және кәсіби ұрпағын тәрбиелеуге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіреді. Олар өз білімдерімен, даналықтарымен және үлкен өмірлік тәжірибесімен ерікті түрде бөліседі. Оларға бас иеміз, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.

Бұл күн – аға ұрпаққа деген ерекше құрмет. 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп белгілеу туралы шешім қабылдады. Әуелі Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада атап өтіле бастады, ал 90-жылдардың аяғында көпшілік үшін толғандыратын әрі жағымды болатын бұл мереке бүкіл әлемде дәстүрлі түрде тойланады.

– Қарттар күніне арналған іс-шаралар ішкі істер органдарының аға буын қызметкерлеріне, олардың тәлімгерлеріне, еңбек тәжірибесі мен қыр-сырын үйреткендерге құрмет, ілтипат және алғыс ретінде жыл сайын өткізіліп келеді. Бұл мереке – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының, уақыт байланысының белгісі. Полиция департаментінің басшылығы барша ардагерлерге зор денсаулық, бақыт және ұзақ ғұмыр тілейді, – деді Мырзабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру