Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді

Алматы полициясы интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Біз «Icloud» қызметін пайдалана отырып, алдау туралы айтып отырмыз.

– Жәбірленуші өзінің смартфонын сату туралы жарнаманы орналастырады (тек iPhone). Қаскөй өзін әлеуетті сатып алушы ретінде көрсете отырып, қоңырау шалады немесе сіздің смартфоныңызға қызығушылық танытқандай болып жазады. Барлық мәліметтер мен баға келісімін нақтылағаннан кейін, ол өзінің өтініші бар екендігін жазады, оның «Icloud» аккаунты кейбір телефондарда ашылмайтынын және сатушыдан соны тексеріп кіруін сұрайды. Аңыз бойынша: егер телефон есептік жазбаны қабылдайтын болса, онда ол, оны сатып алатындығына сендіреді. Жәбірленуші қаскөйдің «Icloud» аккаунтының мәліметтерін енгізгеннен кейін, соңғысы телефонды толығымен бұғаттайды және ашу үшін белгілі бір соманы сұрайды. Осыған байланысты, біз азаматтарды өз телефондарына басқа біреудің «Icloud» аккаунтының жазбалардағы деректерін енгізбеуге шақырамыз, өйткені аккаунт иесі сіздің телефоныңызды бұғаттан босату мүмкіндігінсіз толықтай жауып тастай алады, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, іс жүзінде қаскөйлер әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұзады немесе құрбан болғандардың парақшаларының клондарын жасайды, содан кейін олар, оның атынан әлеуметтік желілердегі барлық достарына «Icloud» мәліметтерін енгізу туралы өтінішпен хабарлама жазған жағдайлар кездеседі.

– Әлеуметтік желілердегі алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті, қаскөйлер әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұзып немесе құрбан болғандардың парақшаларына клон жасайды, содан кейін олар, оның атынан әлеуметтік желілердегі барлық достарына хат жазып, бірнеше күнге ақша қарызға бере тұруын сұрайды және әр түрлі электронды төлем жүйелерінде ақша аудару үшін түрлі есепшоттар береді. Осыған байланысты азаматтарды қырағылыққа шақырамыз. Егер сіздің танысыңыз немесе досыңыз әлеуметтік желіде оған қарызға ақша жіберуді сұраса, алдымен байланысқа шыққан сол екендігіне көз жеткізіп алыңыз: ұялы телефонына қоңырау шалыңыз, досыңызға немесе танысыңызға «бейне қоңырау» шалыңыз, – деп ескертті Рүстем Әбдрахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру