Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мен асфальтта сурет саламын: Патрульдік полиция мен ЖӘАЖ сарбаздарының балалары өздерінің болашақтарын суреттеді

Алматыда патрульдік полиция мен ЖӘАЖ сарбаздарының балалары өздерінің болашақтарын суреттеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық балаларды қорғау күнінде балаларға арналған шығармашылық кеңістік ұйымдастырылды.

ЖӘАЖ базасында төрт жастан 11 жасқа дейінгі 10 жас талант суретшілер байқауына қатысты, ал, 15 бала мамандандырылған батальонның шеру алаңында болды.

Қатысушылардың көпшілігі патрульдік полициядан болды. Аталған қызмет қызметкерлерінің 30 баласы Қазақстанның болашағы туралы көзқарасын суреттермен бейнелеп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.

– Байқау қорытындысы бойынша дәстүрлі түрде достық жеңіске жетті. Біз, ұйымдастырушылар үшін, ең бастысы, балаларды біріктіру, оларға жақсы эмоциялар ғана емес, ұмытылмас әсер сыйлау керек еді. Сонымен қатар, біз олардың бойында рухани құндылықтар мен шығармашылыққа деген сүйіспеншілікті қалыптастырамыз. Байқауға қатысушылардың ата-аналары да белсенді түрде қосылды: олар ұлдар мен қыздарға штрих қоюға көмектесті, қол шапалақтады және олардың жетістіктеріне шын жүректен қуанды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру