Алматы полициясы көлік бұзақыларына айыппұл салды
Алматы полициясы көлік бұзақыларына айыппұл салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, іздеу бөлімінде жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтау үшін интернетте талдау жүргізетін арнайы мониторингтік топ жұмыс істейді.
– Бүгінде ақпараттық технологиялар дамыған заманда алдынғы шептегі бөлімшелер мен автоматтандырылған жүйелердің күштерімен ғана емес, белсенді азаматтық ұстанымдағы азаматтардың көмегімен де бұзушылықтарды анықтауға болады. Көптеген ресурстар жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілеріне толы. Көбінесе тәртіп бұзушылардың өздері өз заңсыз әрекеттерін әлеуметтік желіге жүктейді. Осы эпизодтардың ешқайсысы біздің назарымыздан тыс қалмағанын ресми түрде мәлімдеймін. Әрбір факті бойынша жауап беру шаралары орындалады. Көлік құралдары мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Бөлімшенің мәліметінше, әлеуметтік желідегі тұрақты мониторинг жол қозғалысы ережелерін бұзудың бес фактісін анықтауға ықпал етті:
– Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі – 1992 жылы туған Т. есімді азамат, ҚР ӘҚбК-нің 630-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сілтеме: https://www.instagram.com/p/CScCM1wCN1r
– BMW автокөлігінің жүргізушісі – 1989 жылы туған Е. есімді азамат, ҚР ӘҚбК-нің 597-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сілтеме: https://www.instagram.com/p/COhNCLUptZr/?utm_medium=copy_link
– Audi-100 маркалы автокөлігінің жүргізушісі – 1994 жылы туған К. есімді азамат, ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы 7-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сілтеме: https://www.instagram.com/p/CUfK6GvFMhU/
– BMW-318 автокөлігінің жүргізушісі – 2000 жылы туған А. есімді азамат, ҚР ӘҚбК-нің 630-бабы 1-бөлігі, 595-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сілтеме: https://www.instagram.com/p/CTggKV2CIZ2/?utm_medium=copy_link
– Toyota Chaser автокөлігінің жүргізушісі – 1999 жылы туған И. есімді азамат, ҚР ӘҚбК-нің 620-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сілтеме: https://www.instagram.com/tv/CUmP8B_Dy6n/?utm_medium=copy_link