Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысты

Ақтөбе облысында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Хромтау қаласының маңында “Самара-Шымкент” автожолының 830 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Ресейлік есепте тұрған “Ваз 21120” автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Хромтау қаласы бағытында Хромтау қаласы маңындағы “Самара-Шымкент” автожолының 830 км жүріп, жолдың тайғақ учаскесіндегі жол метеорологиялық жағдайларын ескермей, ілеспе бағытта тұрған “Schmitz” жүк көлігіне соқтығысты.

Жол апаты салдарынан көлік жолаушысы Хромтау аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру