Алматы полициясы «Оқитын департамент» челленджін бастады
Алматы полициясы «Оқитын департамент» челленджін бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.Науқан Алматы қаласы ПД-ның барлық бөлімшелерін қамтиды. Челлендж Әуезов аудандық Полиция басқармасында басталды.
Жеке құрам бос уақытында жазушы Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабын оқып шықты.
316-дивизия 1073-атқыштар полкінің 1-батальоны, кейін 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы генерал-майор Панфиловтың Мәскеу түбінде Волоколамск бағытында 1941 жылдың күз-қыс айларында фашистік басқыншылармен шайқасқа қатысып, жанын қиған кеңес жауынгерлері мен офицерлерінің ерлігі баяндалады.
Белгілі болғандай, полиция қызметкерлерінің көпшілігі бұл шығарманы бірнеше рет оқып үлгерген.
Тәртіп сақшылары әрбір оқыған сайын олардың шығарма кейіпкерлерінен жаңа эмоциялар және әсерлер алатынын атап өтті.
– Мақсат – жеке құрамның рухани дамуы. Қарбалас жұмыс кестесімен біз сүйікті кітаптарымызды, жаңа, өзекті шығармаларды оқуға уақыт пен мүмкіндік таба алмайтынымызды мойындау керек. Челлендж бір реттік науқан емес екендігін айта өтейін. Бұдан былай жауынгерлік және қызметтік дайындыққа кітапхана сағаттары енгізілетін болады. Ал алдағы уақытта біздің департаменттің ішінен көркем, классикалық, деректі және арнаулы әдебиеттердің мол мұрағаты бар кітапхана ашу жоспарлануда, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.