Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда “Мигрант” іс-шарасы аясында 29 шетелдік елден тысқары шығарылды

Маңғыстауда “Мигрант” іс-шарасы аясында 29 шетелдік елден тысқары шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ Маңғыстау облысының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жол беретін Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзушылықтарды анықтау мақсатында 10-17 наурыз аралығында “Мигрант” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Көші-қон полициясы қызметкерлері “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасының төрт күнінде шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 476 шетелдікті, сондай-ақ полиция органдарына шетелдіктердің келуі туралы уақытылы хабарламағаны үшін 87 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК 519-бабы (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша 21 тұлғаға айыппұл салынды.

Сот шешімімен 29 шетелдік ел аумағынан шығарылды. Шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын заңды тұлғалар мен кәсіпорындар мұқият тексерілді. Сондай-ақ, іс-шара барысында іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды.

Көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарға әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген. Шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ азаматтар және оларды қабылдаушы жеке немесе заңды тұлғалар, жұмыс беруші, жеке, заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасына қайшы келетін заңбұзушылықтарға жол берсе, олар заң аясында жауапқа тартылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру