Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы қалалық қан қорын толықтырды

“Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы” аясында Алматының патрульдік полициясы ерікті қан тапсыру науқанына белсене қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы қалалық қан қорын толықтырды.

– Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының кейде ауыр зардаптарын және оларда адамдардың қаншалықты жарақат алып, қаза болатынын біледі. Жазатайым оқиғаны тіркеумен қатар, олар көбінесе апаттан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге мәжбүр. Бүгінде қан тапсырған әрбір полиция қызметкері осы сәтте халықтың қолдауына мұқтаж жанның өміріне тікелей араласты. Біз үшін донорлық – ең алдымен азаматтық борыш, сосын жанашырлық, тектілік. Біз Антпен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды уәде еттік, сондықтан бүгінгі іс-әрекетті алға қойылған міндеттерді жүзеге асырудың бір әдісі деп санауға болады. Біз тапсырған қан біреудің өмірін сақтайды деп үміттенеміз, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.

Бұған дейін хабарланғандай, 11-19 қарашасы аралығында республика бойынша “Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы” жарияланып, соған байланысты Алматы қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру