Алматы полициясы Қырғызстанда адам өлтіргені үшін іздеуде болған күдіктіні ұстады
Алматы полициясы Қырғызстанда адам өлтіргені үшін іздеуде болған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Адам өлтіргені үшін Қырғызстан Республикасы ІІМ-де 1989 жылы туған А. есімді ер адам іздеуде болған (ҚР ҚК-нің 130-бабы).
– Күдіктінің Алматы қаласының аумағында жасырынғаны туралы жедел ақпаратты алдық. Дереу жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде А. есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Күдіктіні экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешілетін болады, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.