Алматы полициясы қызмет бабында қаза болған әріптестерінің балаларына мереке алдында іс-шара ұйымдастырды
Алматы полициясы қызмет бабында қаза болған әріптестерінің балаларына мереке алдында іс-шара ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласының полиция қызметкерлері кәсіби мерекелері қарсаңында "Аманат" әлеуметтік үй-интернатының балалары мен ішкі істер органдарында қызмет барысында қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелеріне "Сокол" жарыс жолына саяхатты ұйымдастырды, мұнда балалар көңілді және қызықты уақыт өткізді.
- 44 ер бала мен қыз баланың қасында 18 ересек адам болды. Балаларға картингпен серуендеу, пейнтбол ойындары, автокөлік Мұражайына экскурсия, сондай-ақ, түскі ас фуршеті ұйымдастырылды. Сонымен қатар, арнайы жасақтың сарбаздары жасөспірімдерге кәсіби жабдықтар мен арнайы құралдарды көрсетті. Іс-шара жылы және көңілді жағдайда өтті, - деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.