Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаудың бас полицейі ІІМ академия түлектеріне диплом табыстады

Маңғыстаудың бас полицейі ІІМ академия түлектеріне диплом табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел мүддесі мен оның жарқын болашағын қамтамасыз ету тәртіп сақшыларының басты міндеті. 23 маусым Қазақстан полициясы мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Алматы және Қостанай академияларының күндізгі оқу нысаны түлектеріне диплом беру салтанаты өткізілді.

Қызметтік жолын бастағалы жатқан академия түлектері Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың қолынан диплом алу мәртебесіне ие болды.

Нақтырақ айтар болсақ ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясын бітірген 13 түлекке және ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы академияның төрт түлегіне академияны аяқтағандықтарын растайтын құжаттары табысталды. Диплом табыстау салтанатына Полиция департаментінің басшылығы, ІІО ардагерлері, бітіруші түлектер мен олрадың ата-аналары қатысты.

– Бүгін сіздер елдің қауіпсіздігі мен тыныштығын күзететін, олардың тыныш ұйқысын қамтамасыз ететін жауапты қызметкер атанып отырсыздар. Сіздер бүгіннен бастап халыққа адал қызмет ететін – полиция қызметкерлерісіздер. Иықтарыңызға тағылған жұлдызшаларыңыздың өзі үлкен жауапкершілікті жүктейді. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатарын толықтыра отырып, Отанымыз үшін абыройлы қызмет ететіндеріңізге сенім білдіреміз, – деп шараның алғысөзін Департамент басшысы сөйлеп, бітіруші түлектерге алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Енді ғана академия бітірген жас лейтенанттарға Маңғыстау облысы бойынша қызмет ететін орындары дайын тұр. Олардың бірқатары Департаментте болса, сонымен қатар Ақтау , Жаңаөзен қалалары мен Қарақия, Мұнайлы аудандары полиция бөліністерінеде тиісті қызметтерге бекітілді. Жас қызметкерлердің басым бөлігі полиция қызметінің криминалдық саласында қызмет атқаратын болады. Маңғыстау полициясы қызметіне үш нәзік жанды қызметкердің қосылғандығын ерекше атап өту керек. Олар өз қызметтерін ювеналды полиция қызметінен бастағалы жатыр.

Шара соңында, түлектердің өздеріне және ата-аналарға құттықтау сөздері беріліп. Ұлттық Ұланның 6656 әскери бөлім оркестрінің сүйемелдеуімен ортада түлектердің вальсі орындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру