Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы: шетелдік жаттықтырушыны тонап кеткен үй қызметшісі ұсталды

Алматыда үй қызметшісі шетелдік жаттықтырушыны тонап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алмалы аудандық Полиция басқармасы хабарлағандай, семсерлесу бойынша қазақстандық олимпиадалық құраманың 60 жастағы жаттықтырушысы, өзінен көп мөлшерде ақша ұрланды деп полицияға жүгінді.

– Венгрия азаматының айтуынша, үйден мың евродан астам қаражат жоғалып кеткен. Бірінші кезекте, біз, шетелдіктің үйіне кіретін адамдарды тексердік. Толық тексеруден кейін күдіктілердің шеңбері тарылды. Осылайша біз үйін тазалаған әйелді анықтай алдық. Жедел түрде күдіктінің ақшаны айырбастаған жері анықталды. Қажетті дәлелдемелер жиналғаннан кейін ол қамауға алынды. Үй тазалаушы өзінің кінәсін бірден мойындады, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Спикер, бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ұрлық туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған еді. Пост авторының айтуынша, шетелдік жаттықтырушы тергеу-жедел тобының жұмысын жоғары бағалап, шақыру бойынша келген тергеуші мен криминалистің ағылшын тілін өте жақсы білуіне таңданған.

Пост сілтемесі: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=361375651940143&id=100042031328035&sfnsn=mo&extid=rXgZgEBRV2JO47qF

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру