Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол бойында “КамАЗ” жүк көлігі тиелген мақтасымен бірге өртеніп кетті

Түркістан облысында жол бойында “КамАЗ” жүк көлігі тиелген мақтасымен бірге өртеніп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қыркүйек сағат 08:40 шамасында Бәйдібек АПБ-нің кезекші бөліміне Екпінді ауылынан өтетін Самара-Шымкент тас жолында “КамАЗ” автокөлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

Аталған хабарлама бойынша тез арада оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Тәртіп сақшыларының тексеру барысында анықтағаны: Қазығұрт ауданының тұрғыны өзінің басқаруындағы “КамАЗ” маркалы жүк көлігіне қосымша жалғанған жүк тиегішімен 12 тонна мақта артып келе жатқанында, сырттан адамдар тоқтатып, көліктен түтін шығып жатқанын айтады. Содан бірден жүрісін тоқтатқан жүргізуші көліктен түсіп қараса, жүк тиегіштегі мақтаның отқа оранып жатыр екен. Осылайша бірден өрт сөндірушілерге хабар береді. Содан соң, сол жердегі жолаушылардың көмегімен жүк көлігінің артына жалғанған жүк тиегіші ажыратып алынады.

Өрт салдарынан жүк көлігі алты тонна мақтамен толық өртеніп кеткен. Ал, қалған алты тонна мақтадағы енді басталған жалынды өрт сөндірушілермен ауыздықталды. Аталған жайт кезінде ешқандай адам шығыны орын алмады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.