Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлікке ұрлыққа түскен ұрылар ұсталды

Қызылорда облысында автокөлікке ұрлыққа түскен тұрғындар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл қыркүйек айының 28-і күні Сырдария аудандық полиция бөліміне 79 жастағы жергілікті тұрғын үйінің ауласында тұрған “Ваз-21213” автокөлігінің ішінен аккумулятор мен магнитоланың ұрланғандығы жөнінде арызданған.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа күдікті ауданның екі тұрғынын “ізін суытпай” ұстады.

Ұрланған аккумулятор мен магнитола айғақ зат ретінде алынды. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру