Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші куәлігіне тапсырған мүгедек жандар үшін қолмен басқарылатын арнайы автокөлік жабдықталды

Атыраудың полицейлері мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жабдықталған көлік құралымен таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласындағы  мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының процессингтік орталығының бастығы Сапиғолла Жанғазиев, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы АҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Мұса Хайруллиев “Біз де адамбыз” қоғамдық қорының жетекшісі Гүлназ Қосмурзиеваға осында келетін мүмкіндіктері шектеулі жандарға көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырды.

– ХҚКО келген жандарға біздер де қызмет көрсетеміз. Әсіресе, мүмкіндіктері шектеулі жандардың  жағдайларын жете түсіну, жүріп-тұруға қолайсыздық, кедергілерді қалпына келтіруде филиал басшысы Мұса  Қарашаұлы қолдау көрсетіп келеді. Жақында жүргізуші куәлігіне тапсырған мүгедек жандар үшін қолмен басқарылатын арнайы автокөлік жабдықталды, – дейді
Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының процессингтік орталығының бастығы Сапиғолла Жанғазиев.

– Мен арнайы арбаға отырып, ғимараттардың пандустарымен жүріп көрдім, өйткені, осы санаттағы жандардың өмірдегі кейбір қиын сәттерін жете түсінгім келді. Әрине, оларға оңай емес, – дейді филиал директоры Мұса Хайруллиев.

Қоғамдық қор жетекшісі Гүлназ Қосмурзиева әрқашан мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқор болып, олардың пікірлерімен санасып жүретін  полиция қызметкерлері мен филиал басшысына ризашылығын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру