Алматы полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қайда бару керектігін айтты
Алматы полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қайда бару керектігін айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылғы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Алматы аумағында "Әйелдерге зорлық-зомбылықсыз 16 күн" республикалық науқаны өтіп жатыр.
Іс-шара тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ қарапайым халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу және болдырмау, аналар мен балаларды қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша қабылданған шаралармен таныстыру мақсатында өткізіледі.
Шара аясында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. ІІО-да есепте тұрған адамдардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізіледі, отбасылық-тұрмыстық қатынастар, алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдалану, сондай-ақ, олар тарапынан күнделікті тұрмыстағы қылмыстардың алдын-алу саласында құқық бұзушылықтар жасайтын адамдарды анықтау және тіркеу.
Науқанға Алматыдағы дағдарыс орталықтары белсенді қатысады, онда сенім телефондары жұмыс істейді, олар арқылы құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі.
- Егер сіз отбасылық зорлық-зомбылық фактілері туралы білсеңіз немесе сіз осындай зорлық-зомбылықтың құрбаны болған болсаңыз, онда бұл туралы айтуыңыз керек! Сізге полицияға "102" телефон нөміріне хабарласыңыз.
Немесе келесі телефондар арқылы хабарласуыңыз қажет:
Алматы қаласы ПД - 254-45-99,
Алмалы ауданының ПД 254-46-24,
Алатау ауданының ПД 227-55-54,
Әуезов ауданының ПД 298-53-33,
Бостандық ауданының ПБ 254-47-32,
Жетісу ауданының ПБ 254-49-43,
Медеу ауданының ПБ 254-48-66,
Түрксіб ауданының ПБ 298-54-25,
Наурызбай ауданының ПБ 254-49-48.
Дағдарыс орталықтарының телефондары:
"Родник" ҚҚ - 396-19-38;
"Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыстық орталық" КММ - "150" (жасырын, тәулік бойы) немесе 87772255326.
"АRASHA" КК - 3175717.