Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеліктің күртешесінен ұялы телефонды ұрлап кеткен ұры ұсталды

Ақтөбеліктің күртешесінен ұялы телефонды ұрлап кеткен ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 22 қарашасында түске қарай сауда үйлерінің бірінде белгісіз адам 31 жастағы қала тұрғынының күртешесінің қалтасынан “IPhone 11” смартфонын жасырын ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру тобының қызметкерлері қалта ұрлығын анықтауға бағытталған жедел іс-шараларды жүргізу барысында 31 жастағы ер адамды ұстады және күдіктінің бұған дейін бірнеше ұқсас ұрлық жасағанын анықтады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөгде адамның мүлкін ұрлау, яғни жасырын түрде ұрлау бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеледі.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті ұсынады:

⋅ Телефондар немесе әмияндар киімнен шығып немесе көрініп тұрмағанына көз жеткізіңіз және сол арқылы ұрылардың назарын аударатындығыңызды ескеріңіз.
⋅ Кеуде әмияндарын қолданыңыз. Сақтаудың өте сенімді әдісі, өйткені мұндай жағдайларда ұрлықшылар әрекет ете алмайды.
⋅ Сөмкеңіздің жабық болуын қадағалаңыз.
⋅ Әмияныңызда несие картасының PIN-коды бар жазбаны сақтамаңыз, тіпті оны картаның өзінде көрсетпеңіз.
⋅ Сізге жақындауға, артында немесе жанында тұруға тырысатын адамдардан сақ болыңыз.
⋅ Үйден шыққан кезде әмияныңызда қанша ақша бар екенін есептеңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру