Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қайда бару керектігін айтты

Алматы полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қайда бару керектігін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Алматы аумағында “Әйелдерге зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық науқаны өтіп жатыр.

Іс-шара тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ қарапайым халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу және болдырмау, аналар мен балаларды қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша қабылданған шаралармен таныстыру мақсатында өткізіледі.
Шара аясында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. ІІО-да есепте тұрған адамдардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізіледі, отбасылық-тұрмыстық қатынастар, алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдалану, сондай-ақ, олар тарапынан күнделікті тұрмыстағы қылмыстардың алдын-алу саласында құқық бұзушылықтар жасайтын адамдарды анықтау және тіркеу.

Науқанға Алматыдағы дағдарыс орталықтары белсенді қатысады, онда сенім телефондары жұмыс істейді, олар арқылы құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі.

– Егер сіз отбасылық зорлық-зомбылық фактілері туралы білсеңіз немесе сіз осындай зорлық-зомбылықтың құрбаны болған болсаңыз, онда бұл туралы айтуыңыз керек! Сізге полицияға “102” телефон нөміріне хабарласыңыз.

Немесе келесі телефондар арқылы хабарласуыңыз қажет:

Алматы қаласы ПД – 254-45-99,

Алмалы ауданының ПД 254-46-24,

Алатау ауданының ПД 227-55-54,

Әуезов ауданының ПД 298-53-33,

Бостандық ауданының ПБ 254-47-32,

Жетісу ауданының ПБ 254-49-43,

Медеу ауданының ПБ 254-48-66,

Түрксіб ауданының ПБ 298-54-25,

Наурызбай ауданының ПБ 254-49-48.

Дағдарыс орталықтарының телефондары:

“Родник” ҚҚ – 396-19-38;

“Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыстық орталық” КММ – “150” (жасырын, тәулік бойы) немесе 87772255326.

“АRASHA” КК – 3175717.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру