Алматы полициясы ұры мен алаяқты әшкереледі
Алматы полициясы ұры мен алаяқты әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әуезов ауданының полиция қызметкерлері бірқатар ұрлықтар мен алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен 19 жастағы Алматы облысының тұрғынын ұстады.
– Өткен айда полиция, футбол алаңдарында орын алған бірнеше ұялы телефон ұрлығын тіркеді. Өндірісте барлық фактілер бойынша қылмыстық істер бар. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Жігіттің ойын алаңдарына келіп, жан-жағына қарап, қараусыз қалған заттарға жақындап, телефонды алып, жайбарақат кетіп қалатыны анықталды. Басқа жағдайларда, қаскөй кәмелетке толмағандарға келіп, алдау арқылы, туыстарына немесе достарына қоңырау шалу сылтауымен, ұялы телефондарын сұраған. Оның қолында ұялы телефон түскен кезде, ол жай ғана қылмыс болған жерден кетіп қалып жүрген, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.
Жігіт өз кінәсін мойындап, бірнеше қылмысқа қатыстылығын растады. Барлық фактілер бір өндіріске біріктірілді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі және ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі бойынша тергелуде. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.