Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада жаңадан салынған спорт кешенінде учаскелік полиция пункті ашылды

Елорда күніне орай Көктал шағын ауданындағы жаңадан салынған спорт кешенінде учаскелік полиция пункті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сонымен қатар, Есіл өзенінің жағасындағы Триатлон саябағында модульдік полиция бекеті іске қосылды. Бұл жұмыстар қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейтіп, азаматтарымызға ыңғайлы болу үшін қолға алынуда. Жақында теміржол вокзалы мен орталық саябақта екі модульдік полиция бекеті ашылды. Биыл елорданың халық тығыз орналасқан өзге де аудандарында осы үлгідегі полиция бекеттерінің қатары көбейеді. Жаңадан бой көтерген көппәтерлі тұрғын үйлерде учаскелік полиция пункттері іске қосылады. Бұл полиция қызметінің қолжетімділігін арттырып, қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, елордамыздың көрнекті жерлерінде шетелдік меймандар мен қала қонақтарына қызмет көрсететін туристік полиция бекеттерінің де саны артуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру