Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында үш күнде полиция қызметкерлері 8 мас жүргізушіні анықтады

Ақтөбе облысында үш күнде полиция қызметкерлері сегіз мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында республикалық және халықаралық маңызы бар трассаларда 2021 жылғы 1-3 шілде аралығында Ақтөбе облысының аумағында “Жолдағы құқықтық тәртіп” жоспардан тыс жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Облыс орталығынан барлық бағыттағы автожолдарда патрульдік, криминалдық полиция және кинологиялық қызмет қызметкерлерінен тұратын мобильді топтар қойылды. Аталған топтар жол қозғалысын қадағалаудан басқа республикалық және халықаралық маңызы бар трассаларда, трассаларға тікелей жақын орналасқан елді мекендер мен шаруа қожалықтарында құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізілді.

Сонымен қатар, бағыттардың әрқайсысы республикалық және халықаралық трассаларға тікелей жақын орналасқан елді мекендерді, шаруа қожалықтарын, кемпингтер мен жол бойындағы дәмханаларды аралап шықты. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге алыс жолдан демалуға болатын орындар және трассадағы авариялық-қауіпті орындар көрсетілген буклеттер таратты.

Полиция қызметкерлері тас жолдардың әр бағытында иесіз мал жаюдың 61 фактісін анықтады. Нәтижесінде 200 бас мал қораларына қамалды. Иесіз қалған мал ең алдымен түнгі уақытта қауіп төндіреді, кенеттен жолға шығып, жол-көлік оқиғаларын тудырады.

Сонымен қатар, 409 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде аң аулау, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу, қаруды сақтау ережелерін бұзу.

Сондай-ақ, шетелдіктер қатысуымен болған бұзушылықтар анықталды. Тіркеусіз тұратын 117 шетелдік анықталды және 8 шетелдік көші-қон саласындағы заңнаманы бұзды.

Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізудің бірінші күні 567 бірлік автокөлік тексерілді, онда аудандық полиция бөлімдерінің аумағына тиісті құжаттары жоқ 18 автокөлік қамауға алынды.

Сонымен қатар, 76 жүргізуші белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып, 8 мас жүргізуші анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру