Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда биыл 3 адам суға батып кетті

Атырауда жыл басынан бері үш адамның суға кету фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаз мезгілі келгенде тұрғындар мен қала қонақтары ыстықтан қорғану үшін өзен-көлдердің жағасында суға шомылады. Алайда суға түсетіндердің қауіпсіздік ережелерін сақтамауының салдары оқыс оқиғаларға алып келіп отыр.

Мысалы, ағымдағы жылдың 28 мамыр күні сағат 17:11 шамасында Балықшы мөлтек ауданы маңында орналасқан Жайық өзенінде белгіленбеген жерде суға түскен тоғыз жастағы бала суға кетіп қайтыс болса, 15 маусым күні сағат 20:35 шамасында Жұмыскер мөлтек ауданында орналасқан Жайық өзенінде белгіленбеген жерде суға түскен 32 жастағы ер адам суға батып кетті.

Одан басқа, 5 шілде күні облыстық балалар ауруханасы тұсында орналасқан Жайық жағалауында 19 жастағы жігіт суға кетіп қайтыс болды.

Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында Атырау қаласы Полиция басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына төменде көрсетілген негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салады:

-тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;

– жүзе алмасаңыз, беліңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;

– шомылу кезінде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыздар;

– жағадан алыс, қойылған белгіден әрі жүзіп кетпеңіздер;

– түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар.

Сонымен қатар балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұсқат етіңіздер.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен белгіленбеген жерлерде суға түскен 150 жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру