Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы үш “массаж” салонын жойды

Өткен демалыста Алматы полициясы үш массаж салонын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар шаһардың Бостандық және Медеу аудандарына орналастырылған.

– Бұл интим салондардың элиталық, үлкен коттедждерде орналасқандығы назар аудартады, егер клиент қаласа, саунаға барып, SPA-ға да кіре алады. Барлығы үш нысанда “массажист” мәртебесіндегі жезөкшелікпен айналысқан 20 әйел және үш әкімші ұсталды. Салон жұмысшыларының екеуі – Өзбекстан мен Ресей Федерациясының тумалары, тағы біреуі – Қырғызстан Республикасының азаматы. Осы мекемелердің қызметкерлері жеке басын тексеру және жауапкершілікке тарту үшін қалалық Полиция департаментіне жеткізілді. Айтпақшы, жезөкшелік пен жезөкшелік ұйымдастыруға үй-жай берген ғимарат иелеріне де шара қолданылды, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру