Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы жақын адамы жоғалып кетсе не істеу керектігі туралы бейне нұсқаулықты көрсетті

Алматы полициясы жақын адамы жоғалып кетсе не істеу керектігі туралы бейне нұсқаулықты көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейне нұсқаушы – Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының іздеу бөлімінің жедел уәкілі Медет Мырзақұлов.

Мұндай жағдайларда азаматтар жазбаша түрде өтініш береді немесе Жедел басқару орталығының “102” нөміріне хабарласады.
Әрі қарай, бұл ақпарат аумақтық бөлімшелерге хабарланады, содан кейін өтініштер тізіліміне тіркеледі, қылмыстық іс қозғалады, ол сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеледі.

Құрамында тергеуші, жедел уәкіл, сарапшысы-криминалист және кинолог жұмыс жасайтын тергеу-жедел тобы оқиға орнына барады, олар алғашқы іс-шараларды жүргізіп, оқиға болған жерді қарап, азаматтардың жоғалу жағдайларын анықтап, жоғалған адамның суретімен арнайы белгілеріне сүйене отырып бағдарлау жасалынады. Сонымен қатар, іздеу бөлімінің қызметкерлері келеді, олар іздестіру іс-шараларын куәгерлермен сұхбаттасу арқылы жүргізеді.

Алғашқы іздестіру іс-шаралары оң нәтиже бермеген жағдайда медициналық денсаулық сақтау мекемелерінде тексеріс жүргізіледі, содан кейін өлгендер қатарынан алып тастау үшін мәйітханаларға тексеріс жүргізіледі.

Өткен жылы Полиция департаментіне із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеу туралы 219 өтініш келіп түсті, оның 214-і табылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру