Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы жыл қорытындысын шығарды

Алматы полициясы жыл қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы ұйымдасқан қылмыстық топ құрудың 14 дерегін тергеп жатыр. Оның 4 дерегі – трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оған басшылық ету. Осылайша, Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, 300-ден астам веб-cam модель жұмыс істеген ірі модельдік агенттіктің атын жамылған және порнографиялық материалдарды тарататын трансұлттық қылмыстық топ ұйымдастырған А.есімді азаматты ұстады.

Сонымен қатар жедел бөлімшенің мәліметінше, жыл басынан бері 23 адамның қылмыстық әрекетінің жолы кесілген. Заңсыз айналымнан 52 атыс қаруы, оның ішінде 20 тапанша, 4 автомат, 10 мылтық, 7 шолақ мылтық, 11 кесілген шолақ мылтық, сондай-ақ 350-ден астам оқ тәркіленді.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандарды сатудың – 7, адам саудасының бір дерегінің жолын кесті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру