Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласының ҚАЖД қызметкерлері балаларға арналған мереке ұйымдастырды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қызметкерлері балаларға арналған жаңажылдық шырша ұйымдастырды , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл қарсаңында, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті басшылығының бастамасымен кадр саясатымен қызметкерлердің балалары үшін мереке ұйымдастырылды.

Мұхтар Әуезов атындағы ұлттық драма театр ғимаратында Сезам қуыршақ көрсетілім тобы балалар мен ересектерді ертегі әлеміне алып барды. Іс-шара театрландырылған қойылыммен жалғасты. Кішкентай көрермендер алдында “Айдаһарды қолға үйрету” қойылымымен дарынды әртістер өнер көрсетті.

Жаңа жылдық іс-шара балалардың ұмытылмас әсерлері мен қуанышын тудырды. Өз кезегінде департамент пен ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлері ҚАЖД басшылығына өз алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру