Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлердің балаларына арналған жаңажылдық қойылым ұйымдастырылды

Петропавлда полицейлердің балаларына арналған жаңажылдық қойылым ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мереке күндері полицейлер күшейтілген нұсқада қызмет етеді. Кейде тәртіп сақшыларына арналған жаңажылдық іс-шаралар отбасыларымен уақыт өткізудің жалғыз мүмкіндігі болады. Солтүстік Қазақстан полициясының ең ірі бөлімшесі — Петропавл қаласының полиция басқармасы қызметкерлерінің 100-ге жуық баласы ертеңгілікке барып қайтты, бұл іс-шараға ата-аналары да қуана барды.

Қызметкерлердің жеке құрамы мен отбасыларын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен Петропавл қалалық ПБ бастығының орынбасары Ерлан Кәрібаев құттықтады. Ол іс-шара қонақтарына бейбітшілік пен амандық, отбасыларына саулық тіледі.

Мерекені ұйымдастыруды Оқушылар сарайының басшылығы өз мойнына алды. Петропавлдың жас таланттарынан құралған шығармашылық ұжым жарқын концерттік бағдарлама өткізді. Олардың орындауындағы ертегі керемет жаңажылдық мюзиклге айналды. Аяз Ата, Ақшақар және басқа да сиқырлы кейіпкерлер жаңа жылдық хатты ұрлау туралы детективті қойылымға қатысты. Балалардың бақытына орай ертегі сәтті аяқталды: хат Аяз Атаға қайтарылды, зұлым сиқыршы қайта тәрбиеленді және мереке жоғары деңгейде өтті. Аяз Ата сыйлықтарды да сыйлап үлгерді.

Ал барлық петропавлдықтар үшін мерекенің жақсы өтуі мақсатында жедел қызметкерлер және криминалистер, тергеушілер мен анықтаушылар, учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлер барлық демалыс күні құқықтық тәртіпті сақтау және оқиғаларға жедел ден қою үшін өз жұмыс орындарында өткізетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру