Алматы-Ташкент тас жолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды
Алматы-Ташкент тас жолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 желтоқсанда сағат 08:30 шамасында Жуалы ауданы Амансай ауылының маңында Алматы-Ташкент тас жолының 591-шақырымында Volvo жүк көлігі мен Toyota жеңіл автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Жол апаты салдарынан Toyota автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен 51 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Toyota жүргізушісі Ресейлік есепте тұрған көлік құралын ҚР аумағында сақтандыру полисі арқылы басқарған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен (Көлік құралын басқаратын адамдардың абайсызда екі немесе одан да көп адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда мұқият болуды ескертеді.