Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы тұрғындары алаяққа алданып қалды

Алаяқ алматылықтарға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша автоорталықтан көлік алып беруге уәде еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл алаяқтық тізбегін 29 жастағы М.есімді азамат ойлап тапқан.

– Күдікті бірнеше ай бойы аңғал азаматтарды алдап келген. Оларға автоорталықтан кезексіз, жедел түрде және жеңілдетілген несиеге жаңа көлік алуға көмектесуге уәде еткен. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас төрт алдау дерегіне қатыстылығы дәлелденді. Осынша адам полицияға арызданды. Олар келтірілген материалдық шығынды үш млн теңгеге бағалаған. Алаяқтық дерегіне сәйкес, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Полицейлер алданған адамдардың бұдан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сондықтан тәртіп сақшылары осы адамның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8-707-447-07-50 және 8-747-699-70-02.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру