Алматы тұрғыны анықтаушыға алғысын білдірді
Алматы тұрғыны анықтаушыға алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шаһар тұрғыны Алматы қаласының бас полицейіне ризашылықпен жүгінді.
– Алматы қаласы ПД АБ-ның аға анықтаушысы А.Хайруллинаға шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Мен алаяқтық дерегі бойынша полицияға жүгіндім. Аға анықтаушы бірден іске кірісті. Барлық тергеу әрекеттері өте жылдам және анық жүргізілді. Полиция қызметкерінің қызметтік міндеттерін мінсіз орындағанын атап өткім келеді. Оның қызметтік міндеттерін адал атқаруы күдіктіні жедел ұстауға, қылмысты ашуға және қылмыстық іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Полиция департаменті басшылығын және қала тұрғындарын хабардар ету міндетім деп санаймын, өйткені дәл осындай ішкі істер органдарының қызметкерлері – азаматтардың тірегі әрі қорғаны, – деді алматылық.
Хатын қорытындылай келе, автор барша полицейлерге қиын қызметтерінде табыс тілеп, басшылықтан анықтаушыны кәсіби жұмысы мен ұқыпты адами қарым-қатынасы үшін марапаттау мүмкіндігін қарастыруды сұрады.