Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас мотоциклші ұсталды

Павлодар облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас мотоциклші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шарбақты ауданының полиция Бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шара кезінде Рэйсер РС 50 мотоциклінің 47 жастағы жүргізушісін ұстады. Әңгіме жүргізгенде ауыл тұрғынынан ішімдіктің иісі сезілді. Жүргізуші медициналық сараптама жасатуға апарылды.

– Сараптама жүргізушінің “жеңіл дәрежеде” мас күйде болғанын көрсетті. Осыдан бұрын да полицейлер осы жүргізушіні мас күйінде ұстады. Сол кезде ол ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен мотоцикл жүргізушісі құқығынан айырылды. Тыйым салынғанына қарамастан мас күйінде мотоциклді жүргізді. Осы ретте жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 7-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Материал сотқа жіберілді, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Шарбақты ауданының полиция бөлімінің бастығы Ермек Әлжанов.

Айта кету керек, осы жылы Павлодар полицейлері 310 жүргізушіні мас күйде ұстады, соның тоғызы Шарбақты ауданынан анықталды. Олардың барлығы қолданыстағы заңнама аясында жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру