Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы тұрғынынан психотроптық зат салынған 20 бума тәркіленді

Алматы тұрғынынан психотроптық зат салынған 20 бума тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Күдіктіні полиция қызметкерлері Алматы қаласы Медеу ауданының жеке секторында ұстады.

– Бұл – 19 жастағы К. есімді азамат. Тергеу-жедел тобы жеке тінту кезінде шолақ шалбардың қалтасынан скотчлентаға оралған байламды тәркіледі, оның ішінде ашық-жасыл түсті ұнтақты заты бар 20 дана көлеміндегі полиэтилен бумасы болды. Ұсталған адамның айтуынша, бұл – зат синтетикалық “жылдамдық” есірткісі. Криминалистер саусақ пен алақан жағындыларын, шорты қалталарының кесінділерін, хат-хабарламасы мен бетбелгілердің координаталары және суреттері бар ұялы телефонды тәркіледі. Заттай айғақтар сараптамаға жіберілді, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Күдіктінің айтуынша, ол аз уақыттан бері бетбелгі қоюшы болып жұмыс істейді. Бетбелгі қоятын орындардың мекенжайын интернет қосымшасы арқылы алады, ал, “атқарған жұмысы” үшін ақшалай сыйақыны криптовалютамен алып отырған.

Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру