Алматыда 1,5 млн теңгенің құрылыс материалдары ұрланды
Алматыда 1,5 млн теңгенің құрылыс материалдары ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл қылмыс «ізін суытпай» ашылды.
– Түнгі сағат екі шамасында белгісіз үш адам Орманов көшесіндегі үйлердің біріне заңсыз кіріп, құрылыс материалдарын ұрлап кеткен. Тергеу «үштіктің» қылмысқа дайындалғанын анықтады, осы мақсатта Газель көлігі жалданды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдіктілер ұсталды. Олардың үшеуі бұрын сотталған Өзбекстан Республикасының тумалары, 28-30 жас аралығындағы азаматтар. Көшедегі бейнебақылау камераларының жазбалары дәлел болды. Ұсталған адамдардың жеке басы басқа да ықтимал қылмысқа қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.