Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 10 мыңнан астам мопед пен самокат жүргізушілері жауапқа тартылды

Алматыда 10 мыңнан астам мопед пен самокат жүргізушілері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, самокаттар мен мопедтерді пайдалану бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысты жергілікті іс-шара басталғаннан бері (01.06. бастап) 10 мыңнан астам микромобильді көлікті пайдаланушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жолаушыларды тасымалдау ережелерінің талаптарын, жол қиылыстарынан өту ережелерін, қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалану талаптарын және т.б. жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 4800 мопед және 5200 самокат жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Кәмелетке толмағандардың екі доңғалақты көлікті пайдалануына ерекше назар аударылады.

100-ге жуық ата-ана балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапкершілікке тартылды, бұл жалпы заң мен қауіпсіздік нормаларына қайшы келеді. Бұрын хабарланғандай, жыл басынан бері самокаттың қатысуымен 38 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 42 адам зардап шекті, абырой болғанда, қаза болғандар жоқ.

Ал мопедтердің қатысуымен 321 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 3 адам қаза тауып, 324-і жарақат алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру