Алматыда 10-нан астам шетелдік азамат жауапқа тартылды
Алматыда 10-нан астам шетелдік азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматының көші-қон қызметі хабарлағандай, қалада мақсатты рейдтер нәтижесінде екі күннің ішінде 103 шетелдік ұсталды. Оның 50-і жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды.
Сонымен қатар 13 шетелдік ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 39 шетелдік азаматқа қатысты тексеру жалғасып жатыр.
Айта кетейік, 1 наурыздан бастап Алматы қалалық ПД-ның көші-қон және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау мақсатында жергілікті іс-шара жүргізіп жатыр.