Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі пәтерде ұйымдастырған. Тінту кезінде полицейлер жалпы салмағы 12,5 келі болатын қарасора бұталарын тәркіледі. Мұнда арнайы жабдықтар да болды: жарық және диодты шамдар, термометрлер, желдеткіштер, ылғалдылықты өлшеу құралдары.

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері екі ер адамды ұстады.

– Фитозертхана құрамында есірткі заттары бар қарасора өсіруге арналған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті басқарма бастығы Нұржан Ахметов.

Адамдардың өзге де қылмыс жасауға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады.

Қарасора өсіргені үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары қылмыстық жаза қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру